Шымкенттегі Әл Фараби алаңында сенбі күні ұйымдастырылған жәрмеңкеде сатып алушылардың қарасы әдеттегідей қалың болған жоқ. Алдыңғы аптамен салыстырғанда картоп бағасы қымбаттағаны байқалады. Бұрын келісі 70 теңгеден саудаланған өнімнің бағасы 73 теңгег көтерілген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cuMA-Y9HFgM[/youtube]
Алайда, жәрмеңкеде тұрақтандыру қорынан босатылатын пияз, ұн және сәбіз сатылмады. Азық-түліктің осы түрін сатып алуға асыққан жұрт қажетін іздеп сабылғаны рас. Сөйтсек, оның басқа себебі бар екен.
Орынбасар Әмірбеков, сатушы: «Сәбіз бен пиязды сатудың қажеті қалмады. Өйткені, жергілікті шаруалардың өнімдері базарда біздікінен төмен құнда сатылып жатыр.»
Бірақ, сатушының бұл жауабы кейбір сатып алушының көңілінен шыққан жоқ. Олар ұн тапшылығының орын алуын шенеуніктердің түсіндіруін талап етті. Сол сәтте-ақ жәрмеңкеден жауаптылар да табыла кетті.
Асқар Қаныбеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: «Біз «Атамекен» корпорациясымен меморандумға қол қойғанбыз. Қазір келісім бойынша тапсырыс берілген 2 мың тонна ұн келе жатыр. Дүйсенбіден бастап барлық әлеуметтік сауда орындарында ұн сатылатын болады.»
Шенділер қант тапшылығы туралы қала тұрғындарының күдігін де сейілтті. Сөздеріне сенсек, тәтті өнімнің жетіспеушілігі қалада ешқашан болған емес. Ал құмшекерді 5-10 келіден саудалаудың астарында алыпсатарлық белең алмасын деген саясаттың бар екенін жұртшылыққа тағы да ұқтырды.