Облысымыздағы Шымкент-Ташкент тас жолының Қазығұрт асуына 2-сәуір күні таңсәріде қалың тұман түскен. Соның салдарынан жүргізушілердің жолды көруі қиындап, көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріпті. Мақтааралдан Шымкентке келе жатқан КаМАЗ жүк көлігінің тіркемесі аударылып, ішіндегі он тоннадай мақта шиті жолға төгілді. Абырой болғанда жарақат алып, зардап шеккендер жоқ.
Тұманның қалыңдығына қарамай жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты қатты арттырған секілді. Себебі, жол бойына төгілген шит 100 метрге дейін созылып жатыр. Соған қарағанда көлік бірден тоқтай алмай, тіркемесін біраз жерге дейін сүйреп барған болуы мүмкін.