Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ҰБТ-да айтарлықтай жеңілдік бар. Яғни мұндай олимпиадалардың І, ІІ және ІІІ орын иегерлері ұлттық бірыңғай тесттен босатылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығында аталмыш олимпиадалардың тізбесі көрсетілген. Яғни, бітіруші түлек соңғы 3 жылда төмендегідей пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болса, олар ҰБТ-дан босатылады.
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім ана тілім» атты халықаралық олимпиада;
2) Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиада;
3) Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы;
4) Математикадан Батыс Қытай олимпиадасы;
5) Математикадан Балқан олимпиадасы;
6) Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы;
7) Халықаралық математикалық олимпиада (IMO);
8) Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия);
9) Оқу-шылардың химиядан ха-лықаралық Менделеев олимпиадасы;
10) Химия пәні бойынша халықа-ралық олимпиадасы (ICHO);
11) Физикадан халықаралық олимпиада (IPHO);
12) Физикадан Азия олимпиада (APHO);
13) Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO);
14) Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI);
15) Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиада;
16) Географиядан халықаралық олимпиада;
17) Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиада;
18) Халықаралық лингвистикалық олимпиада;
19) Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми олимпиада («BUSEF», «MOSTRATEС», «I-SWEEP»);
20) Информатикадан Еуразиялық олимпиадасы (ШЫҰ елдері арасында);
21) Математика мен физикадан халықаралық олимпиада (AMITY);
22) «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиада.
2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):
1) Ғылым мен техника бойынша халықаралық жарыстар (Іntel ISEF);
2) Компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстар «INFORMATRIX» (информатика);
3) Компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстар («Компьютерная физика, Ресей);
4) Экология және биология бойынша жобалардың халықаралық жарыстары (INEPO);
5) Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыстар;
6) «А.Н. Колмогоровты еске алу кубогының» жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық математика турнирі;
7) «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми конкурсы;
8) Жас өнертапқыштар халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасы;
9) Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы;
10) В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдердің зерттеу жұмыстарының жалпыресейлік конкурсы;
11) «EUROMATH» халықаралық математика конкурсы.
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):
1) Физика
2) Техника
3) Жер және ғарыш туралы ғылымдар
4) Математика
5) Қолданбалы математика
6) Информатика
7) Экономика
8) Биология
9) Химия
10) Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау
11) Тарих
12) Құқықтану
13) Өлкетану
14) Әдебиет
15) Этномәдениеттану
16) Тiл бiлiмi
4. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар:
1) Қазақ тілі және әдебиеті;
2) Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
3) Орыс тілі және әдебиеті;
4) Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
5) Қазақстан тарихы; Дүниежүзі тарихы;
6) Ағылшын тілі;
7) Неміс тілі;
8) Француз тілі;
9) Математика;
10) Информатика;
11) Физика;
12) Химия;
13) Биология;
14) География;
15) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиада.
Олимпиада жүлдегерлерінің соңғы 3 жылдағы оқу үлгерімі туралы табелі мен қатысқан олимпиадаларының тізімі республикалық комиссия мүшелеріне жіберіледі. Әрбір оқушының оқу үлгерімі мен деңгейіне қарай комиссия мүшелері арнайы сертификат тағайындайды. Аталған сертификат бітірушінің ЖОО-на түсуіне кепілдік бола алады.
Гүлнұр СӘТБАЕВА