Адамның ішкі жан дүниесі сахналанған қойылым

717
Адам ішіндегі рухани арпалыс

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры өз репертуарындағы «Ай астындағы алтын шаһар» атты пьесасын шымкенттік өнерсүйер қауым назарына ұсынды. Қойылым «Театр көктемі — 2014» облыстық кәсіби театр фестивальінің аясында сахналанып отыр.

Адам ішіндегі рухани арпалыс
Адам ішіндегі рухани арпалыс

Жолтай Әлмашұлының «Ай астындағы алтын шахар» пьесасының шымылдығы Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында түрілді. Қойылымның оқиға желісі келіндер мен ене арасындағы қарым қатынас негізінде өрбиді.

Ләли Күмісбекова, көрермен: «Өзім жас болғандықтан, қойылымдағы жағымсыз әрекеттерден аулақ болып, өмірде осындай әрекеттерді жасамау керегін жадыма түйдім. Маған, әсіресе ұнағаны, қарт ана ойының сахнада көрініс табуы. Актерлердің шеберлігі де жоғары, ойларын өте әсерлі жеткізуде.«

Кейуананың өткенді сағынуы. Тұрмыстағы жан күйзелісі мен іштегі арпалысы. Көзге көрінбейтін ақ пен қара күштің нақты материада сомдалуы. Бұл психологиялық драмада басты кейіпкердің жан дүниесі көрерменге толық жеткізілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T9LGvzmZtcQ[/youtube]

Болат Барманқұл (Шайтан рөлінде), Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының актері: «Ақ пен қара, түн мен күн, жақсылық пен жамандық. Адам ойына үнемі бірінші жаман ой келеді. Менің рөлім Балым ананың бойындағы ақ күнге қарсы тұру. Мен үнемі қоғамның ащы шындығын айтып, ақ күшті жеңіп отырамын. Сол арқылы Балым ананың жүрегіндегі тыныштықты қоғамдағы жаға ұстарлық көріністер мен оның келіндерінің қарым-қатынасын айтып, бұзып отырамын. Мақсатым — ай астындағы алтын шаһар, яғни, Жер-ананың бесігіне аттандыру. Менің бір-ақ күшті қарсыласым бар. Ол — адам намаз оқығанда жүректегі орнымнан айрылып қаламын.»