АН-72 әскери ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталып отырған Қанат Ақылбеков 6 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Апатқа қатысты кезекті сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан Шымкент әуежайының диспетчерін айыпты деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жалпы, осы іс бойынша 27 жәбірленушілердің өкілі, 19 куә қатыстырылған. Апат кезінде қаза болған 27 әскери қызметшінің соңында барлығы 50 ұл-қызы жетім қалып отыр. Соңғы сөзде жәбірленуші тарап бір ауыздан Қанат Ақылбековке қатаң жаза тағайындап, прокурордың талабын қуаттауды сұранды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sD5VLptx0DM[/youtube]