Кентау қаласындағы Хантағы ауылының тұрғыны Мәншүк Ерімбетова бауыр еті баласын өлімге қимайды. Қос жанары жасқа толған ана 4 келі болып туылған төртінші перзентіне бастапқыда дәрігерлер дұрыс диагноз қоймағанын айтады. Ақ халаттылар кеселінің себебін дөп басып айтқанда, мұндай күйге түспес едік деп отыр.

jhkhjkjhhj

Перзентханадан шыққан соң Маржанның жағдайы күрт нашарлай бастапты. Тексеруге апарғанда дәрігерлер оның ми қарыншаларына қан құйылу салдарынан болғанын айтқан. Сол себепті басы күннен күнге ұлғайып барады. Нәрестенің дертін ауыздықтауға отандық медицина қауқарсыздық танытуда. Ал жас ана барлығына Гиппократқа ант бергендерді кіналайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ESOh884EcIY[/youtube]

Мәншүк  Ерімбетова, науқас сәбидің анасы: «Басқа диагнозбен емдеді. Ол кісілер келіп, басқа диагноз қойды. Кетті. Олар содан кейін қайтып тексеріп келген жоқ. «Маған үмітіңді үз. Тек куыршақ күйінше ұстайсың» дейді. Қуыршақ болса да бұл менің перзентім ғой, ішімнен шыққан. Мен қандай болса да, қуыршақ болса да бағамын, ішімнен шықты ғой бұл, қандай болса да…»

regreerere

lkjlkljjj

Ақ халаттылар болса балаға 12-ші күннен бастап бақылау жасадық деп отыр. Жансақтау бөлімінде 4 ай жатқызып, тіпті, облыстан келген білікті мамандар да жан-жақты тексеріп шыққан. Соңынан ішегі түйіліп, үлкен дәретке шыға алмай қалған сәбиге екі айлығында ота жасалады. Мидың қабынуы болса баланың дұрыс дамуына кедергі келтіріп отыр екен.

dsdxcc

Қанат Ысқақ, дәрігер-реаниматолог: «Қате диагноз қойылған жоқ. Сол диагнозға күдік болды. Бірақ, кейіннен пайда болған, туа пайда болған ақау бар екені анықталуына сәйкес ота жасалды. Негізгі еміне, негізгі белгілеріне қарай ем жасалады. Нақты еміне ешқандай отаға бала жарамайды. Сондықтан симптомдық ем ғана жасаймыз.»

ewffsdfdf

jhkhjhh

gfgfghgjjjb

Кішкентай Маржанның анасы болса ақтық демі таусылғанша сәбиіне қамқор болатынын айтады. Қызының әлі-ақ айығып кететініне сенімді. Ол үшін шетелдік дәрігерлердің көмегі қажет екен. Сондықтан жарық дүние есігін ашпай жатып, пышаққа түскен сәбиін аман алып қалу үшін отандастарынан көмек сұрайды.