Қызылжар шағынауданындағы Ташбулатов көшесімен ағатын арықтың суы арнасынан тасып, Юлдашевтердің шаңырағын алды. Негізгі себеп — иесіз қалған су реттегіші және арық-құбырлардың қоқысқа толуы. Юлдашевтар отбасының отағасы Өткірбектің айтуынша, Бадам өзеніне ағатын су арыққа мөлшерден көп кетіп, үйінің алдындағы құбырлардың қоқысқа толып, тасыған су қорасы мен есігінің алдына дейін кірген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bgzUQQHoOQA[/youtube]