Оңтүстік Қазақстан облысында аса ірі мөлшерде есірткі әкеле жатқан әйел ұсталды. Түркістан қаласынан шыға берісте қолға түскен келіншектің жүгінің ішінен төрт келі героин шыққан. Аса ірі мөлшердегі заңсыз затты 28 жастағы әйел Қарағанды облысына алып бара жатыр екен.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jSo6tv5WTZ0[/youtube]
Түркістан қаласының автовакзалынан шыққан Форд автокөлігі жарты жолда тоқтатылып, сақшылар арнайы иттің көмегімен есірткі затын іздеуге кірісті. Ол зат көп уақыт өтпей-ақ табылды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8VDhiIrfG7Q[/youtube]
Тәркіленген заттың арнайы сараптама қорытындысына сай героин екені анық болды. Салмағы 4 келіге жуық.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі: «Бұл затты тасымалдап келе жатқан Төле би ауданының тұрғыны. 28 жастағы келіншек еш жерде жұмыс істемейді, оқымайды. Оған үстінен Қазақстанның қылмыстық кодексінің 259-бабына сай қылмыстық іс қозғалды.»
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ao0N4t3It-8[/youtube]
Айта өтейік, жыл басынан бері есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ескірткіні алып жүру мен сатуға байланысты 62 фактіні тіркеген. Арнайы басқарма қызметкерлері 19 келіге жуық есірткі тәркілеген болса, соның төрт келісі — героин екен.