Ауаны ластағысы келмейтін жүргізушілер оң бастамаға көшті

351
Шымкенттің қоғамдық көліктері

Жыл өткен сайын Оңтүстікте автокөліктер саны еселеп артып жатыр. Қазір ресми мәлімет бойынша өңірдегі көліктер саны 400 мыңнана асқан. Халықтың әл-ауқаты артып, шетінен көлікті болып жатыр деп қуанарсыз.

Шымкенттің қоғамдық көліктері

Бірақ, олардың жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенінің ескерсеңіз, ауаны қаншалықты ластап жатқанын ұғынарсыз. Шымкентті ауасы лас қала қатарынан көргісі келмеймін кейбір көлік жүргізушілері темір тұлпарына көгілдір отынмен жүретін құрылғы орнатып жатыр.

Әр машина жылына 4 мың тонна оттегіні жұтып, 8 тоннадай зиянды, улы заттар шығарады. Ал біздің Оңтүстікте көліктің саны жыл санап өсіп келеді. Олардың техникалық ахуалын керемет деп айту қиын. Қоршаған ортаға келтірер зияны шаш-етектен. Жанармай жағылуынан бөлінетін қара түтін қаланың ауасын ластап, тұрғындардың денсаулығын төмендеткен. Мұндай олқылықтарды болдырмас үшін мамандар көліктерді көгілдір отынмен жүргізуге кеңес береді.

Серік Бетаев, «ТМГ Ойл» ЖШС-ның директоры: «Автокөліктерін көгілдір отынға ауыстырамын деп жүргендерге тездетуге кеңес беремін. Өйткені ол қауіпсіз, әрі экологиялық таза. Сондай-ақ, қалтаға салмақ түспейді. Әр адам өзі демалатын ауасы таза болады.»

Мұндай бастаманы шымкенттік жүргізушілердің тек 12 пайызы ғана қолдаған. Алғашқылары осыдан үш жыл бұрын сұйық отынды көгілдір отынға ауыстырып үлгерген де. Ең бастысы — қоршаған ортаның таза болуына бірінші болып, үлес қосқан.

Айта кету керек, бүгінгі таңда көлік қозғалтқышын газбен жүруге бейімдеу аса қиын емес. Шымкенттің өзінде сапалы жұмысымен қуантатын құрылғы ауыстыру орындары көп. Сондай-ақ, көлікке арналған көгілдір отынды саудалайтын 95 жағармай құю бекеті бар.