Бұзақылар Бадам жағалауындағы мүлікті бүлдірді

336

Жақында ғана халық игілігіне берілген орынды тұрғындардың өзі бүлдіре бастады. Бұрын қоқыс қалдықтары қордаланып жататын Бадам өзенінің екі жағалауы абаттандырылып, керемет демалыс аймағына айналған еді. Өкініштісі сол, арада екі жеті өтпей мұндағы жарық шамдары сындырылып, жиек тастары қиратыла бастады. Тіпті, белгісіз біреулер осында егілген ағаш көшетерін де алып кетіпті.

009

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=99T2fX_SgcE[/youtube]

Жағалаудағы қаз-қатар тізілген бағаналар кеш мезгілінде серуендеушілердің көңіліне қуаныш ұялатып, сәтті дем алсын деген жоспарменен қойылған. Бағана басына мыңдаған жарық шамдары ілінген. Өкінішке орай бұзақылар ең алдымен осы шамдарды сындырып тастапты. Жергілікті тұрғындар осыған ашулы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6ZeC1w-WLlA[/youtube]

Шымкентіктен үшін салынған бұл нысанға бюджеттен 1 миллиард 700 миллион теңге жұмсалды. Мамыр айында құрылыстың екінші кезеңі басталады деген жоспар бар. Оған да аз қаражат жұмсалмайтыны түсінікті. Тек кейбір жерлестерімізге жақсылық жақпайтын секілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RCt215wloh4[/youtube]