Банк ВТБ жеке тұлғалар – бизнес иелеріне арналған «Коммерсант» кредиті бойынша шарттарын жақсартты

214

Банк ВТББанк ВТБ (Қазақстан) жеке бизнес иелері үшін тұтынушылық мақсаттарға арналған «Коммерсант» кредиттік өнімдері бойынша шарттарын жақсартқаны туралы хабарлайды. Пилоттық жоба Қазақстанның 4 қалаларында іске асырылады: ол Алматы, Астана, Қарағанды және Орал.

Бүгінгі күні өнім тұжырымдамасының қазақстандық нарықта өз сегментінде ұқсастығы жоқ. «Коммерсант» пилоттық жобаның жақсартылған және жетілдірілген шарттары кепілдікті/қарызгерді ұсынбай жеке тұлғаларға (бизнес иелеріне) және жеке кәсіпкерлерге қарыз беруді, сонымен қатар кредит беру мерзімін 36 айдан 48 айға дейін көбейтуді қарастырады.

Банк мамандары өнімді белсенді пайдаланатын Алматы, Орал және Қарағанды кәсіпкерлері екендігін белгілейді, олардың бизнесі сауда саласында ұсынылған. Бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қарыз алушылардың қызығушылығын арттыру, өңірлердегі кәсіпкерлік қызметін дамытуға оң жағынан әсер етеді, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, тұрғындардың әлеуметтік амандық деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.

Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесін дамыту жөніндегі кеңесшісі: «Кәсіпкерлер қаржы алу үшін банкке хабарласақан кезде, жұмыстан қол үзбей және олардың тарапынан ең төмен іс-әрекетімен қысқа мерзімде қажетті қорды алуды үміттенеді, және кепілді ұсыну үшін орындалмаған талаптарына және өтінімді қарастыратын ұзақ мерзіміне тап болады. «Коммерсант» өнімін іске асыру алдында жеке тұлғалар – жеке бизнес иелеріне арналған Банк ВТБ, сондай-ақ кредит беру нарығына, қолданыстағы кредит беру бағдарламасына талдау жүргіздік, бұл кәсіпкерлердің қажеттілігіне жауап беретін тиімді және пайдалы шарттарымен бірегей өнімді дайындауға рұқсат береді».

«Коммерсант» кредиті теңгеде, АҚШ долларында және ресей рубілінде ұсынылады. Қарыз сомасы — 75 мыңнан 3 млн.теңгеге дейін. Өнімнің артықшылығы – бұл кепілзаттың және бастапқы жарнаның жоқтығы. Кредит бойынша шешім қысқа мерзімде және Банктің өкілі қарыз алушы бизнесінің орнына шықпай шешіледі.