Оңтүстікте алғаш рет жас еңбек озаттарының форумы өтті

225
жас еңбек озаттары форумы

Жас еңбек озаттарының форумын жастар басқармасы емес, облыстық кәсіподақ кеңесі ұйымдастырыпты. Кеңес дәуірінде өтетін озаттардың форумын еңбек ардагерлері қайта жандандыруды көздеп отыр. Мұндағы мақсат — жастардың еңбекке деген құлшынысын арттыру.

жас еңбек озаттары форумы

Оларға лайықты еңбекақы төлеп, еткен еңбегін ынталандырып отыру қажет дейді ұйымдастырушылар. Форум аясында үндеу қабылданды. Жұмыссыз жүрген жастар болмауы керек деген ұран да айтылды. Облыс әкімінің атынан бірқатар жас мамандарға алғыс берілді. Солардың бірі — Жанерке Әбітай. Ол Қазығұрт ауданы, Сабыр Рахымов ауылындағы мектепте химия пәнінен сабақ береді.

марапаттау рәсімі

Жанерке Әбітай, «Жас еңбек озаты» номинациясының иегері: «Бұл — менің алғашқы марапатым. Қуаныштымын. Ауыл балаларын білімді етіп тәрбиелеуде аянып қалмаймын деп ойлаймын.»

Айта өтейік, облысымызда «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылса, оның тең жартысы — жастар. 20 мың жас тәжірибеден өтсе, 6 мыңға жуығы кәсіби біліктілігін арттырған.