Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмекке кеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары облысқа оралды. Арнайы техникаларымен жарақтанған 10 адам 31-наурызда Арқалық қаласына аттанған болатын.
Бүкіл аймақты су басқан өңірде біздің төтенше жағдай мамандары тұрғындарды аман алып қалып, қауіпсіз жерге көшірді. Түрлі деңгейдегі науқастарға алғашқы көмек қолын созған. Мұнан соң Ақмола облысындағы Атбасардағы ағайынға да болысқан. Естеріңізге салайық, сәуір айының екінші онкүндігінде Арқалық қаласын тасқын су басып, жергілікті жұрт әбігерге салынып еді.
Ғалымжан Дүйсенбаев, ОҚО ТЖД құтқару жасағы басшысының орынбасары: «Мысалы, кешкі уақытта хабарлама түсті. 50 шақырым жердегі қыстауда бір әйел толғатып, қиналып жатыр екен. Дереу сол жаққа жетіп, болашақ ананы ауруханаға жеткіздік. Жолдың жоғынан біраз қиналдық.»