Облыстың жылдың басынан бергі 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысы жария етілді. Жалпы өңірлік өнім, өнідіріс, ауыл шаруашылығы, білім және де өзге салаларға бөлінген қаражат, жүзеге асатын жобалар жайлы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады. Облыс бюджетінің көлемі 467 миллиард теңгені құраған. Ауыл шаруашылығында жыл басынан бергі 3 айда өндірілген өнімнің құны 34,7 миллиард теңгені құрап, 3,5 пайызға артқан.
Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз ресмпубликада 5-орында. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын 805 мың гектарға егу жоспарланып отыр. Егістікті әртараптандыру мақсатында мақта және бидай алқаптары кемітіліп, орнына 35 мың гектар жоңышқа, 10 мың гектар жүгері, арпа 25 мың га артық егілетін болды.»
Жыл басынан 35 га жерге жылыжай салынған. Тамшылатып суғару әдісі 500 гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 27,5 мың гектарға жеткен. Мал шаруашылығын дамыту бағытында да 2014-2016 жылдарға іс шаралар жоспары қабылданыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2W0YmC6LN8Q[/youtube]
Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Мақсаты ұсақ шаруашылықтарды қолдап, шағын жобаларды дамыта отырып, жаңа кооперация жүйесін қалыптасырамыз. Басымды бағыттар — 9 мыңға жуық мал бордақылау алаңдарын, бір жарым мың шағын жанұялық сүт аулаларын, 91 сүт жинау бекеттерін салу.»
Сонымен қатар өңірде 26 шағын құс фабрикаларын құру, 22 селолық тұтыну кооперацияларын ұйымдастыру ісі жоспарланған. Жалпы, ауыл шаруашылығын қолдауға 18 миллиардтан астам теңге, оның ішінде 15 миллиард теңге субсидия бөлінген. Оның көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсіп отыр.