Оңтүстік жылыжай саны бойынша республикада көш басында келеді

933

Оңтүстік Қазақстанда жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Сайрам ауданындағы озық технология негізінде салынған замануи жылыжайдың құны екі жарым миллион теңге. Мұнда тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Алғашқы өнімді кәсіпкер осы айдың соңында жинауды жоспарлап отыр.

Сайрам ауданындағы  жылыжайда қияр

Камал Халдаров, «Ф.Ифтихари» ЖК басқарушысы: «Мәскеуден, Солтүстік Қазақстаннан тапсырыстар келуде. Өнім жақсы шықса, алдымен өз өңіріміздің тұрғындарын қиярмен қамтимыз. Артылса, тапсырыс  бергендерге сатамыз.»

Көлемі 11 гектар ірі өндірістік жылыжай кешені Ордабасы ауданында орналасқан. Адель жылыжай шаруашылығында қызанақ пен қияр өсіріледі. Көкөніс тұқымы Голландиядан жеткізілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=671b1znBQMU[/youtube]

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Республикадағы жылыжайлардың 90 пайызы біздің Оңтүстік өңірінің еншісінде. Біреуді үйретіп, шаруашылықпен айналысуға үгіт жасаған жоқпыз. Өздері қызығушылық танытып, кәсібін дөңгелетуге ниет еткен азаматтар. Сайрам мен Ордабасы және Сарыағаштағы жылыжайлардың өнімдері өңіріміздің қажетін өтеуде. Енді Кедендік Одақтағы мемлекеттерді де көкөніспен қамтуды жоспарлаудамыз.»

Сарыағаш  көшеттері сұранысқа ие

Сарыағаш ауданындағы «Қызыл Ту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көшет өсірумен айналысады. Тапсырыс шаруашылыққа көрші аймақтардан көптеп түсуде. Жылыжайдағы көкөністерді күтімі бойынша тәжірибелерімен оңтүстікқазақстандықтар Қызылорда және Жамбыл облыстарының кәсіпкерлерімен бөлісуде. Аталған аймақтарда бұл шаруашылық түрі дамытуды талап етеді.