Бас дәрігер пара алып, бухгалтер ақша жымқырған

403

Шымкентте тағы да жемқорлыққа қатысты дау шықты. Жедел жәрдем станциясының бас дәрігеріне пара алған деген айып тағылып отыр. Күдікті 368 мың теңге үшін қол астындағы қызметшісінің жұмыстан шығармауға уәде беріпті. Бас дәрігер өз кабинетінде қолға түсті. Ол қаржы полицейлері белгі салған ақшаларды тығып та үлгермепті.

Пара алуға қатысты тағы бір қылмыстық іс Сайрам ауданындағы мектептің қызметкерінің үстінен қозғалды. Қаржы полицейлерінің айтуынша, «Бабыр» оқу орнының бас бухгалтері өзге мектептердің оқытушыларының қаржысына мол қаражат аударып келген. Екі жылдың ішінде бухгалтер осылайша мемлекеттің 9 миллион теңгесін жымқырған дейді қаржы полициясының баспасөз-қызметі.