Сайрамда тарихи жәдігерді жойып жатыр (фото)

18-сәуір — халықаралық ескерткіштерді қорғау күні. Бүкіл әлем тарихи ескерткіштерді қорғау күнін тойлап жатқанда Сайрам ауданында ежелгі жәдігер жойылып барады. Ал Шымкенттегі көне қала орны қараусыз қалды. Оны «Аспан асты мұражайына» айналдыру бастамасы бұл күндері ұмытылып барады.

Сайрам. Ескерткіштің жойылуы

Сайрам. Ескерткіштің жойылуы

Сайрам. Ескерткіштің жойылуы

Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры: «Мына темір тордың артында экскаватор тұр. Ол экскаватор жасырын түрде жерді қазып, біздің мәдени мұра, жәдігерлеріміздің барлығын қиратып жатыр. Осы жерден 100 метр жерден өткен жылы алтын және күміс көмбе табылған. Ол — Ақсақ Темір заманына тиесілі. Біздің ойымызша, сондай жәдігерлер осы жерде де қалып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, осы төңіректе сұлтанның сарайы болуы керек. Ол әлі табылған жоқ. Ол 4 немесе 5 метрден шығуы керек.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6pxDYRfYzDc[/youtube]

Археолог Бауыржан Байтанаевтың жанайқайы орынды. Қоршаудың ар жағындағы құрылыс жалғаса берсе, IX-XVI ғасырлардағы жәдігерлерден мақұрым қалайын деп тұрмыз. Тарих жанашырының айтуынша, көне Испиджаб орнында орта ғасырға тиесілі сұлтан сарайы немесе түрме жатуы мүмкін. Өйткені, осы аймақ кезінде көне Сайрамның орталығы болған.

Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры
Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры

Бір қызығы, құрылыс нысаны жергілікті атқамінерлердің иек астында жүріп жатса да оны көріп-білген ешкім жоқ. Сондықтан археолог Байтанаев мәселенің түйінін тезірек тарқату үшін жоғары жаққа арызданбақ.

Сайрам. Ескерткіштің жойылуы

Сайрам. Ескерткіштің жойылуы

Сайрам. Ескерткіштің жойылуы

Сайрамдағы жәдігерлер жойылып жатқанда бір кездері «Аспан асты мұражайына» айналуы тиіс болған Шымкент қалашығының бүгінгі ахуалы аянышты. Кезінде жасалған археологиялық жұмыстарды жаңбыр үгітіп, айналаны қоқыс басқан. Ал бұл маңға салынып кеткен құрылыс алаңы туралы сөз қозғау — бөлек әңгіме. Жалпы, 2200 жылдық тарихы бар қалашық бір кездері тіршіліктің қайнаған ордасы болған десек, сенбессіз.

Шымкент қалашығы
Шымкент қалашығы 
Шымкент қалашығы. Суретте қалашықтың қорғаны көрсетілген. Бөлек бөлмелерден тұратын қабырға қазіргі күні жаңбырға шыдамай мүжіліп-үгітіліп кеткен
Суретте қалашықтың қорғаны көрсетілген. Бөлек бөлмелерден тұратын қабырға қазіргі күні жаңбырға шыдамай, үгітіліп кеткен

Жәдігердің жоғын жоқтап, барлық құзырлы орындарға хабарластық. Айтар жауабы біреу — қаржы бөлуі тиіс қала әкімдігі бұл нысанға көңіл бөлуге ендігі ниеті де жоқ екен. Әйтпесе, «Аспан асты мұражайына» айналдыру идеясы осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған. Ал ғайыптан тайып теңге табыла қалған күннің өзінде бар жобаны іске асыру үшін кемі 1 миллиард теңге қажет екен.

Шымкент қалашығы. Ескерткіштерді қорғау заңы бойынша қорғалатын ескерткіш аймағына 50 метрге дейін құрылыс нысандары түспеуі керек
Ескерткіштерді қорғау заңы бойынша қорғалатын ескерткіш аймағына 50 метрге дейін құрылыс нысаны түспеуі керек