Шымкент қаласына түрік делегециясы келді. Тоғыз кісіден құралған топтың арасында ақын-жазушылар мен суретшілер, сазгерлер бар. Мұндағы мақсатымыз — Қазақ елімен мәдени байланысты күшейту дейді бауырлас елдің өкілдері.
Қазақстан тәуелсіздік алғанда ең бірінші құттықтап қуанған да, елімізге президенті алғашқы болып келген де — осы Түркия. Шымқалаға келген қонақтар шаһарымыздың тарихымен танысып, Арыстанбаб, Түркістандағы Хожа Ахмет Яссауи кесенесін аралайды. Түркия елінен тап осындай мәдени шарамен арнайы делегацияның бұл алғаш келуі.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bd7oli_AzII[/youtube]