Шымкентте 126 отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында баспаналы болды. Жаңа пәтерге, негізінен, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар мен жұмыссыз жүрген отбасылар қол жеткізді.
«Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының көмегімен олар әрі жұмысбасты әрі пәтерлі болды. Қызметтік пәтер кілті қолына тиген 126 отбасының 17-сі — шалғай аудандардан көшіріліп келгендер.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=v1uqfUgBrqA[/youtube]