Шымкентте Алпамыс батыр ескерткіші бой көтерді

2386

Шымкенттің оңтүстік-батыс жағынан кіре берісінде Алпамыс батырдың ескерткіші орналасты. «Жиделі-байсын жерінде, Қоңыраттың елінде, Байбөрі деген бай бопты, Бір перзентке зар бопты…» деп келетін «Алпамыс батыр қазақтың эпостық жырының бас қаһарманы.

Алпамыс батыр ескерткіші
Алпамыс батыр ескерткіші

Алпамыс ескерткіші Шымкент-Ташкент тасжолы бойында қойылған. Алыстан мен мұндалап тұрған ескерткішке келушілердің қатары қалың.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YyQNBXTdnao[/youtube]

Алпамыс батырдың ескерткіші Алматы мен Астанадан емес, бірінші болып Шымкент қаласынан бой көтергені орынды дескендер көп болды. Бір қызығы, Алпамыстың ескерткішіне Үкіметтен бір тиын да бөлінбеген. Жәдігер жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғызылған.

Орынбек Мықтыбаев, қала тұрғыны: «»Алпамыс батыр» жырын біз жас кезімізде оқитын едік. Қазір жастар оқи ма, оқымайды ма, білмеймін. Көпке аты белгілі батырдың ескерткішін көріп, қуанып тұрмын. Тәрбиелік мәні бар.»