Шымкентте денсаулық күні өтті (фото)

723
Жастар басқармасы бастаған топ

4-сәуір — дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай қаламыздағы көптеген мекемелерде «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны ұйымдастырылды. Жұмыс бөлмесін бір ауық тастап, жаттығуға шыққан шенеуніктер мен студенттердің машығына біз де қатысып қайттық.

Флэшмобқа 40 мыңнан астам студент қатысты

Жастар басқармасы бастаған топ
Жастар басқармасы бастаған топ

Жоғарғы оқу орындары студенттерінің денсаулық күнінде айрықша белсенділігі байқалады. Жастар басқарамасы бастаған топ қала орталығында жұмыла жаттығу жасап, жерлестерімізді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ерлан Айтбаев, облыстық «Жастар орталығы» мекемесінің директоры: «Денсаулық — бәрімізге қымбат. Сондықтан бүгін жастардың атынан ұсыныс айтқым келіп отыр. Күн сайын болмаса да аптасына бір рет сағат 12-00-де бүкіл қызметкерлер мекемелерінің алдына шығып, жаттығу жасаса. Бұл денсаулыққа пайдалы ғой, бір жағынан адамның жүйкесі де демалады.»

Қалалық әкімдіктің қызметкерлері
Қалалық әкімдіктің қызметкерлері
жаттықтырушы
Жаттықтырушы
Мемлекеттік қызметкерлері арнайы спорттық киіммен
Мемлекеттік қызметкерлер бір сәтке спорт киімін киді
Марафон қатысушылары
Марафон қатысушылары

IMG_6034

IMG_6016

Айтулы марафонға қалалық әкімдіктің мамандары да арнайы дайындалыпты. Топтың басым бөлігі спорттық киімдерін киіп, сақадай сай жүр. Осылайша күні бойы компьютерден бас алмай, қызмет ететін мамандар сергу сәтін қалт жібермеді.

Баһадүр Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бүгінгі шараның мақсаты — осы бір 15 минутта денсаулықты түзеп қою емес, жалпы осындай жаттығулар, спорт, салауатты өмір салты әрбір адамға керек екенін ұғыну. Мейлі, ол мемлекеттік қызметкер болсын, ол зейнеткер болсын, ол жас болсын — баршаға денсаулықтың маңызын айту, көңілін бұру үшін қолға алынған бастама.»

Облыс әкімдігінің еңбеккерлері
Облыс әкімдігінің еңбеккерлері

Облыс әкімдігінің қызметкерлеріне «Денсаулыққа 7 қадам» шарасына қатысуға классикалық үлгідегі костюм-шалбарлар да кедергі болмады. Қаз-қатар тізілген шенеуніктер қабылданған шешімді қолдауға қашан да әзір екенін байқатты.

Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары:»Мен бұл бір дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын. Енді осы 15 минуттық жаттығу, шындығын айтқанда, адамның бойын сергітіп, ағзаның қан айналымына, барлығына жақсы әсер етеді деп білемін.»

Айта кетейік, денсаулық күніндегі 15 минуттық жаттығуға қаламыздың бір миллионнан астам халқы қатысты. Оның бес мыңы — мемлекеттік қызметкерлер. Қалғаны білім саласының қызметкерлері мен студенттер.