Хадича Сайфимулюкова зейнетақысын бұл жолы тағатсыздана күтті. Өйткені, бірінші сәуірде зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері біршама артқан еді. Алайда қолына ақшаны алғанда қуанышы сейілді.
Хадича Сайфимулюкова, зейнеткер:» Зейнетақымды алдым. Бұрын 36 мың алатын едім, енді 38 мың теңге алатын болдым. Бұрынғымен салыстырғанда 2 мың теңгедей артық. Ол не болады? Өткен демалыста базарда болдым. Көкөніс, жеміс-жидек — барлығы қымбаттаған.»
Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар берілген күні «ҚазАгромаркетинг» АҚ ОҚОФ мамандары қала базарларында мониторинг жүргізді. Анық болғаны — бірінші сұрыптағы ұнның келісі — 65 теңге, құмшекердің орташа бағасы — 155 теңге. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 10-15 пайызға өскен.
Нұрлан Есіркепов, «ҚазАгроМаркетинг»АҚ ОҚОФ өкілі: «Картоп, пияз сәбіздің бағасы 10-15 пайызға қымбаттаған. Бұл — маусымдық қымбатшылық. Оған қоса өзге өңірлерден жеткізілетін өнімдердің де көлемі азайған.»
Зейнетақы мөлшері шамалы ғана артқан деп наразылықтарын білдірген зейнеткерлер барлығын үнемдеуге тура келеді деп отыр.