Шымкентте жер телімін ала алмай жүргендер көп

349
Жер телімі бойынша 65 000 адам кезекте тұр

«Тиесілі жерімізді алғымыз келеді!» Шымкенттің бір топ тұрғындары облыс әкімдігінің ғимараты алдына жиналып, осылай деп талап қойды. Айтуларынша, қалалық жер қатынастары бөліміне жер үшін кезекке тұрғандарына 10 жылдан асқан. Бірақ әлі күнге заң бойынша тиесілі үлесін алмапты.

Жерді даулап келген топты облыс әкімдігінің мамандары ішке кіргізген жоқ. Ашуға булыққан ағайын тиесілі телімін иемденгісі келетіні айтып, айқайға басты. Айтуларынша, жиналғандардың дені — көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар құрайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hGXpHHT6xfA[/youtube]

Бақтыгүл Қойбағарова:»Маған 4 соттық жер жетеді, коммуналдық қызметтің керегі жоқ, оны өз ақшамызға кіргізіп аламыз деп сөз береміз. Оны сұрап әкімшілікке келмейміз! Бізге бастысы — бала-шағамыз бен өзімізде үйдің тіркеуі болса, болды. Әркімнің үйінде қаңғырып, шаршадық. Қазір мектепке қабылдамай жатыр, тіпті. Тіркеусіз мектепке келмеңдер деді. Бізге мүмкіндік болса, ең болмағанда, 4 соттық жер берсінші! Мен үш балама 8 соттық жер сұрап отырған жоқпын ғой?!»

Жер телімі бойынша 65 000 адам кезекте тұр
Жер телімі бойынша 65 000 адам кезекте тұр

Ал қалалық жер қатынастары бөлімі мамандарының мәліметінше, жер телімі бойынша 65 000-нан астам адам кезекте тұр. 2004 жылы қолға алынған жоба бойынша биыл ешкімге жер берілмеген. Себебі, бұл үшін алдымен сол аумақта әлеуметтік нысандар салынып, жол мәселесі шешілуі қажет.

Қасымбек Сайлауов, қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы: «Инфрақұрылыммен қамтылғаннан кейін тұрғын үй құрылысы қозғалады. Қазір біздің қалада мұндай жаңа алаңшалар жоқ, сол себепті кезекке тұрған азаматтарға жер беру мүмкіншілігі болмай тұр.»

Сондықтан жер телімі бойынша кезек күтіп жүрген жерлестерімізге тағы біраз күтуіне тура келеді.