«Шырайлым — Шұбайқызылым!» байқауы өтті

Осыдан екі ай бұрын жас қаламгерлердің арасында «Шырайлым — Шұбайқызылым» атты республикалық байқау жарияланған еді. Басты мақсат — Түлкібас ауданында ұмыт бола бастаған Шұбайқызыл шоқысын, қызғалдақтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас қаламгерлерге қолдау көрсету.

_MG_2271

Байқауға қатысуға елуден астам жас қаламгер ниет білдіріпті. Олардың ішінен жүзден жүйрік озып шыққандары Түлкібасқа шақырылды.

_MG_2291

«Түлкібас (Түркібасы) төрінде Шұбайқызыл атты теңдесі жоқ шоқы бар. Көктемде Шұбайқызылды Қазақ қызғалдағы тұтас көмкереді. ХІХ ғасырда қарашекпенділер қаптағанда оны «Красная горка» атандырған. Жергілікті бір шайыр «Шырайлым – Шұбайқызылым! Құзғындар көрген қызығын. Жанымай жотам – жасылым! Жүдегеніңе жасыдым…» деп, күйінішті өлең өрген. Былтыр бұл уақытта қызғалдақ күнге күйіп, қурап кеткен болатын. Биыл күн жауын-шашынды, салқын. Сол себепті енді қылтиып келеді екен жапырақтары.

_MG_2397

«Бұл байқау үш жыл бұрын аудандық деңгейде өткен еді. Былтыр облыстық, биыл республикалық дәрежеге көтерілді»  деп, жазушы Мархабат Байғұт жас қаламгерлерге сәттілік тіледі.

_MG_2464

Содан соң жас ақындар бірінен соң бірі шығып, отты жырларын төгілтті келіп. Түлкібас аймағының таңғажайып табиғаты,  Шұбайқызыл мен Голландияға әкетілген қызғалдақты жырға қосты.

_MG_2524

Бұл күні Х. Дулати атындағы аудандық мәдениет үйіне жырсүйер қауым көп жиналды.

_MG_2565

Ал Әбілдә Аймақ, Жанарбек Әшімжан, Сәрсенбек Сахабат сынды т. б. ақындар байқауға түскен шығармаларға әділ төрелік етті.

_MG_2613

Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының жүлдесі Абылайхан Есімбай (Алматы), Қазақстан Жазушылар Одағының ОҚО филиалының арнайы жүлдесі Ерасыл Шәрібек (Қызылорда), «Мархабат-Мирас» қоғамдық қорының арнайы жүлдесі Құралай Мырзағали (Қызылорда) мен Әсел Ережеповаға (ОҚО) тапсырылды.

_MG_2629

ІІІ орын (50 мың теңге) Әриби Дауыл (Алматы қаласы), Әлімжан Әлішер мен Дәурен Айманбетовке (Оңтүстік Қазақстан облысы) бұйырды.

_MG_2644ІІ орынды (70 мың теңге) Бақбер Алтайұлы (ҚХР, Шыңжан өлкесі) мен Батырхан Сәрсенхан (Түркістан қаласы) жеңіп алды.

_MG_2654

Ал І орынды (100 мың теңге) Отырар ауданынан келген Жансая Құттыбекова иеленді. Жүлдеге ие болған туындылар «Шамшырақ», «Оңтүстік Қазақстан», «Дөңгеленген дүние» газеттерінде және «Қазығұрт kz» журналында жарық көретін болады. Ал «Мархабат-Мирас» қоғамдық қоры бұл байқауды жыл сайын республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=t5wUpx7Ww6o[/youtube]