Студенттер «Көктем аруын» таңдады

336
Сайысқа 7 үміткер қатысты

Ақмарал Мырзамұратова — «Көктем аруы – 2014» байқауының үміткері. 18 жасар бойжеткен сұлулар сайысына алғаш рет қатысып отыр. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар достығы университетінде химия және биология пәнін меңгеріп жүрген арудың арманы асқақ.

Ақмарал Мырзамұратова:, «Қобалжу, уайымдау сезімдері артта қалды. Менің ойымша, қазақ аруының инабатты, ибалы, әдепті, білімді әрі сұлу болуы маңызды. Ал қазіргі уақытта мен жоғарғы оқу орнында білім алып жүрмін, болашақта ұстаз ретінде  шәкірт тәрбиелеймін. Елімнің болашағына осылайша өз үлесімді қосқым келеді.»

Сұлулардың келбетін ғана емес, ақылын да сынға алатын сайысқа Оңтүстік Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар достығы униерситетінің 7 бірдей бойжеткені жолдама алған. Қазылар алқасының айтуынша, «Көктем аруы» байқауының үміткерлеріне қойылатын талап қатаң. Бойжеткеннің білімі мен халқымыздың салт-дәстүрін жатқа білуі аздық етеді.

Рабиға Қуатбекова, ОҚИПХДУ-дың ректоры: «Біздің университеттегі ең сұлу, ең ақылды І курс студенттерін таңдағанбыз. Қолдарынан балы тамған өнерлері болуы қажет. Себебі, тігіс тігетін немесе қара домбыраның құлағындай ойнайтын бойжеткендер қай кезде де халқымызда үлкен құрметке ие болған. Осындай қабілеттеріне баса назар аударамыз.»

Сайысқа 7 үміткер қатысты
Сайысқа 7 үміткер қатысты

Сұлулардың сымбаты мен білімін сарапқа салған өнер сайысы «Достық» ұранымен тәмамдалды. Айта кетейік, бүгінде 13 мың студенті бар Оңтүстік Қазақстан инженерлі педагогикалық халықтар достығы университеті техникалық, педагогикалық, инженерлік бағыттар бойынша білім береді. Бұған қоса, ашық есік күні шарасы ұйымдастырылып, талапкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.