Бітіруші түлектер жұмыссыз қалмайды. Дәл осы тақырыпта қаламыздағы №6 колледжде форум өтті. Мұндағы мақсат – қолдарына диплом алған жастарды жұмыспен қамту.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін форум аясында колледж ұжымы келісім-шарт негізінде жұмыс жасайтын әлеуметтік серіктестерін жинап, яғни, жұмыс берушілердің басын қосып, бітіруші түлектермен кездестіреді. Форумға өңіріміздегі 15 кәсіпорын қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.

Айта өтейік, биыл №6 кәсіптік колледжді 217 студент тәмамдайды. Олардың басым бөлігі аспаз және даяшы мамандықтары бойынша кәсіптік білім алған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=I0HaZvs6EQQ[/youtube]

 

Рахима Қожамжарова, №6 колледждің директоры: «Олардың бәрі тәжірибеден өтсе де көбісі әлі келісім-шартқа тұрған жоқ. Бүгінгі форум аясында дөңгелек үстел болды. Меморандумға қол қойдық.»