Жаңалықтар 

Тауар бағасына жеңілдік қайдан шығады?

“Жеңілдік! Барлық тауар түрлеріне 50 және 70% жеңілдік!” Дәл осындай жазуларды маусым алдында көптеген дүкендерден көруге болады. Маусымның ауысуы киімдердің жаңаруынан басталады. Өткен жылдың сән үлгісімен жейдеше немесе көйлек сатып алу – қиын емес. Бастысы – жеңілдік пен арзан бағаны шатастырып алмау керек.

Венера Шертаева, заңгер: “Бағаның арзандауының өзіндік себебі болады. Яғни, тауардың  соңғысы немесе бір кемшілігі болуы мүмкін. Сатушы тұтынушыға себебін ашық айтуы тиіс. Егер алушы кемшіліктен хабары бар бола тұра тауарды сатып алса, қайтаруына болмайды. Ал егер кемшіліктер ескертілмесе, тауарды қайтып алулары тиіс. Ол кезде заң тұтынушы жағында болады.”

Анық болғандай, баға төмендеуінің маусымға қатысы жоқ. Ал Шымкентте жалғыз киім-кешек қана емес,кейде азық-түлік те арзан бағамен сатылып жатады. Мұның себебін түсіндірген көп жылдық еңбек өтілімі бар сатушы Алма Ержанованың айтуынша, арзан сатылатын азық-түліктің мерзімі өтіп кеткен немесе сапасы нашар емес екен. Өйткені, дүкендер мерзімі өтіп кеткен тауар сатса, айыппұл салынатын көрінеді.

Дүкендерде бағаның жеңілдеуі жеткізушілерге байланысты болса, дәріханалардағы ереже мүлдем бөлек. Дәріханашылар бағаны қашан, қалай жеңілдетсе де өз еркі. Сатып алушылар дәрілерді арзан бағада алғанымен, сапасы сол дейді.

Фармацевттердің айтуынша, ай сайын дәрі-дәрмектің бірнеше түріне 30 пайызға дейін жеңілдік жасалады. Бірі бір тауарға екіншісін тегін берсе, енді бірі студенттер мен зейнеткерлерге жеңілдік жасайды. Бәсекелестік бар жерде жеңілдіктің жиі орын алуы заңдылық. Қалай болғанда да, жеңілдікке тап болсаңыз, себебін сұрауды ұмытпаңыз. Өйткені тегін дүние жерде жатпайды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz