Тоғыстағы үйлерді су басты

319

Төтенше жағдай департаменті мен әкімдіктің қызметкерлері Төле би ауданындағы үйлерді су басу оқиғасының себептерін тексеріп жатыр. Еске салсақ, 22-наурыз күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Сұлтан Рабат және Тоғыс ауылындағы үйлерді су басқан болатын.

Мына ырсиған қабырға мен іргетастың ажырауы, ауладағы балшық пен көлкіген судың орны — толассыз жауған жаңбырдан кейінгі көрініс. Бірер сағаттың ішінде Шымкент-Ленгір тасжолына жақын орналасқан үйлерді су басты да қалды. Тұрғындар бұрын осы маңдағы арықты жол салушылар бітеп кеткенін айтады.

Зульфия Леспекова: «Бұрын су тасығанда үлгеретін едік. Бұл жолы қатты болды. Бұрын су тасығанда мұнда жол жоқ еді. Өзіміз үлгерер едік, онша-мұнша тастап. Мына жол салушылар, мына жақта арық бар еді, соны тегістеп кеткен. Біз соған сеніп қалдық. Ал су тасып кетті.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wQj7ECkwfOc[/youtube]

Шынында да, жаңа жолды салған жұмысшылар арықты бітеп кеткен. Мұны жергілікті әкімдіктің өкілдері де растап отыр. Енді жағдайды сол жұмысшылар дұрыстап берер деген үміттерін де айтты әкім.

Данай Абдуллаев, Қазығұрт ауылдық округінің әкімі: «2013 жылы мына Береке корпорациясы жолды жөндегенде сол жолдың бойына лоток қою керек деп айтқанбыз. Бірақ, олар бұл жобалық-сметаға кірмеген деп жауап берді. Кезінде ол жерде арық болған. Осы қазір Береке жұмыс істеп жатыр. Құдай қаласа, лотокты қойып беретін шығар.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EJX7BXcm564[/youtube]

Енді жергілікті халықтың шығынын кім өтейтіні белгісіз. Қазір мамандар жауын мен топан судан келген зардаптың көлемін анықтап жатыр.