Шымкентте жалған қаржы полициясы қызметкері ұсталды. Күштік құрылымның жасанды құжатын алып жүрген — 30 жастағы жергілікті тұрєын. Оны қаладағы көлік жуу орындарының бірінде Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шара барысында анықтап, ұстаған.
Жалған құжат көлік жуу орнының жұмысшысынан тәркіленді. Бұл куәліктегі азаматтың аты-жөні мен суреті өзінікі болғанымен, құжат қолға түскен жігіттен өзге адамға тиесілі болып шықты. Енді күдікті жалған құжат жасағаны үшін айыпталып отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=75mCl2n1DSw[/youtube]