Жазғы демалысқа дайынсыз ба?

Жазғы демалысты естен кетпестей өткізгіңіз келе ме? Онда ертерек қамданыңыз. Бұлай деп облысымыздың туроператорлары айтып отыр. Ерте әрекет еткен демалушы мәселеге де тап болмайды әрі шетелге шығар билеті де бірнеше есе арзанға түседі. Дәл осындай туристер үшін туроператорлар «ерте бұғаттау» қызметін ұсынады. Сонда бұғаттаудың осы түрі туриске 40 пайызға дейін арзан түседі екен.

ТуризмКеремет қонақ үй мен VIP нөмірлер, сондай-ақ, қолайлы уақытқа самғайтын әуе ұшақтарына билеттер. Осының барлығына туристер «ерте бұғаттау» қызметін пайдалану нәтижесінде қол жеткізе алады. Алайда, мұнда да аздаған кемшіліктер бар. Бірақ мұның демалысқа қатысы жоқ.

Валентина Устинова, туризм менеджері: «Ақпан, наурыз, сәуір айлары — бұғаттау қызметінің нақ маусымы болып табылады. Бұл дегеніңіз — тапсырыс берген саяхатшының демалысы 100 пайызға керемет өтеді деген сөз. Дегенмен, мұндай қызмет түріне жүгініп алып, қайта ойланып, тапсырыстан бас тартуға болмайды. Ондай жағдайда клиентке үлкен көлемде айыппұл салынатын болады.

 

Туроператорлардың айтуынша, шетелде демалу жөнінен шымкенттіктердің арасында Чехия, Грекия және Кипр елдері танымал. Сондықтан ерте қамданған туристер сапар бағытына ертерек тапсырыс береді. Ал Түркия, Бірікке Араб Әмірліктері, Үрімші мен Стамбұлға саяхат жасағыңыз келсе, Шымкенттің өзінен тікелей рейстің бар екенін ұмытпаңыз.