Жол салуға ресейліктер көмектеседі

323

Енді жерлестерімізге жол салуды ресейлік мамандар көмектеседі. Шымкентке Ресейге танымал «Новые дороги» ашық акционерлік қоғамының мамандары келді. Олар салатын даңа жолдардың құрылысы өзгелерден ерекше. Көрші мемлекет құрылыс материалына өңделген топырақ қосып, жол сапасын арттыруды қолға алыпты.

Бұл әдістің тиімділігі көп. Біріншіден, ол шығын көлемін айтарлықтай қысқартып, аз уақыт ішінде жол салуға мүмкіндік береді. Екіншіден, сапасы жақсы. Көп шығынданбай-ақ, теп-тегіс әрі төзімді асфальт салуға болады екен. Ресейлік мамандардың айтуынша, жаңа технологияны дамыту барысы қазір жан-жақты қолға алынып, көп жерден қолдау тапқан. Сондықтан болса керек, экологиялық таза әрі сапалы құрылысты сынау жұмысы Шымшаһар көшелерінде басталып кетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MPLTQf1KSlU[/youtube]