Дәрігер Бубновтың емдеу орталығы жаныңызға шипа сыйлайды

1046

Шымкентте алғаш рет тірек-қимыл жүйесі ауруларын емдейтін сауықтыру орталығы ашылды. Орталықта емделіп қана қоймай, маман кеңесін де алуға болады. Біліктім маман тірек-қимыл жүйесі ауруларын емдейтін құрылғыны қолданудың да жолдарын үйретеді.

IMG_1094

Тірек-қимылдары жүйесі ауруларына арналған аппарат – өзекті мәселердің бірі. Оны табу, қолдану оңай шаруа емес. Дегенмен, түрлі жарақаттарды айтпағанда, тізе-шынтақ ауруларын емдеп, бел омыртқа ауруларына таптырмас ем. Ал мұндай ем-домды дәрігер Бубновтың емдеу орталығы мүлтіксіз атқарады.

Майра Алсанова, дәрігер: » Бізде оңалту бағдарламасы өте жоғары деңгейде жолға қойылған. Әсіресе, бел омыртқасын қалпына келтіруде, сондай-ақ, буындарды емдеуде және ауыр отаға дайындауда қызмет көрсетеміз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W9HvKBCn04A[/youtube]

Доктор Бубновтың орталығында емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жаныңызға шипа болатын сауна, массаж бөлмесі, жаттықтыру залы бар. Суықпен емдеу де жолға қойылған. Осылайша сауықтыру орталығында дертіңізге ем, жаныңызға шипа таба аласыз. Тек сүйек-буын ауруларын емдеп қана қоймай, қын қысымын қалпына келтіруге де болады.

Елена Касьянова, орталықтың нұсқаушысы: «Кинезитерапия – медицина саласының жаңа бір бағыты. Емделушінің өз бетімен ауруды басуға және еңбекке құлшынысын арттыруға жол ашады. Буын мен омырқа ауруларын алдын алады. Ал тірек-қимылдары жүйесі ауруларын емдеуге арналған аппарат омыртқа жарығын және буын қабынуларын емдейді.»

Дәрігер Бубновтың орталығында кеңес алу – тегін. Бұл жеңілдік шілде айының соңына дейін жалғасады. Орталыққа келуші әрбір жан үшін арнайы сауықтыру бағдарламасы жасалады. Осылайша дәрі-дәрмекке деген тәуелділіктен арылуға болады дейді ақ халаттылар.