Мәртөбе елдімекеніне аспалы көпір қажет

539

Шахрибон апайдың немересі Гюнель осыдан 4 жыл бұрын Шымкент-Түлкібас тас жолының үстінде көз жұмған. Марқұм қыз сабақтан соң үйге қайтпақ болып жолға шыққанда автокөлік қағыпты. Әжесі ботақанын еске алғанда, көзіне еріксіз жас толады.

 

20141023_131206

Шахрибон Халилова, Мәртөбе ауылының тұрғыны: «Мектептен шыққанда осы жолдың бойында көлік қағып кетті. Мұндағы көліктер бағдаршамға тоқтауды білмейді. Осы жерге балалардың қауіпсіздігі үшін бірнеме жасаса. Жолдың астынан немесе үстінен өткел салса, қауіпсіздеу болар еді.»

20141023_131244

Мәртөбе жалпы орта мектебінің алдында бағдаршам бар. Бірақ, кейбір жүргізушілер оны елемейтін көрінеді. Түсірілім барысында бұған да көз жеткіздік. «Біз Сайрам ауданына қарағанда, мұнда полиция қызметкерлері тұратын. Ауыл қалаға өткелі жол сақшылары жоқ болды» дейді мәртөбеліктер.

20141023_131226

Элмира Сайфуддинова, «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің мұғалімі: «Біздің жүргізушілерде ұят жоқ. Жол ережелерін сақтамайды. Қазірдің өзінде акция өтіп жатса да бағдаршамның қызыл шамына тоқтар емес. Мамыр айының он екісі күні осы жерде бағдаршам істемей қалған. Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан ұлымды автокөлік соғып, 2 ай ауруханадан шықпадық. Басынан ауыр жарақат алып, иығы мен аяғы сынды. Мұнда тым болмаса, бейнекамера қойса…»

Шара барысында оқушылар жүргізушілерге гүл шоқтарын ұсынып, жол ережесін сақтауға шақыратын парақшалар таратты. Қолдарына плакат алып, осы жолда көз жұмғандардың суретін де ұстап тұр.

20141023_131216

Рамиль Расулов, «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы:  «Жолдың нақ осы жерінде көптеген жол-көлік оқиғалары орын алып жатыр. Біздің қолымыздағы – осы жолдың бойында қайтыс болған адамдардың суреттері. Бірі әкесінен, енді бірі баласынан айрылған. Сондықтан жүргізушілерді осы шара арқылы жол ережесін сақтауға шақырғымыз келеді.»

«Шымкент-Түлкібас» жолы облыстық маңызға ие. Сондықтан тұрғындардың жолдың астынан немесе үстінен өткел салу мәселесін жауапты басқарма басшыларына жеткіздік. Ондағылар көпірдің құрылысы алдағы екі жылда басталады деп сендірді.

20141023_131313

20141023_131308

Ғалымжан Төлегенов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: «Қазір жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр. Сол жобалық-смета барысында ол мәселе ескерілген. Жер асты немесе жер үсті өткелімен… Аспалы көпір! Қазір жобаға енгізіп жатырмыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Drz6rFVFN1w[/youtube]

Басқарма басшылығының сөзіне сенгіміз келеді. Себебі, ауыл тұрғындарының айтуынша, осы жолдың үстінде соңғы 5 жылда оннан астам адам көз жұмыпты. Былтырдың өзінде екі оқушының өмірі қиылған.