Шымкенттегі жарылысқа байланысты арнайы комиссия құрылды

155

Шымкенттегі жарылысқа байланысты арнайы комиссия құрылды. Еске сала кетсек, 20-желтоқсан күні кешке Ақназар хан көшесіндегі 8 пәтерлі үйде жарылыс болып, 20-дан астам адам зардап шеккен болатын.

001

Бүгін таңертең ерте оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков пен Шымкент әкімі Дархан Сатыбалды келді. Қазір төтенше жағдай орнында тұрғындар мен құтқарушылар үй тұрғындарының құжаттарын іздестіруде.

Жарылған үйдің адамдарымен облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары мен психологтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда басты мәселе – үйсіз қалғандарды баспанамен қамтамасыз етіп, жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіру.

002