Жас әнші Айнұр Смандиярдың шығармашылық кеші өтті

629
Айнұр Смандияр

«Жанарсыз да өмірім жалғасады.» Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда жас талант, бірнеше республикалық ән байқауларының жеңімпазы Айнұр Смандиярдың шығармашылық кеші өтті. Тума талант жастың концертіне жиналғандар көп болды.

Айнұр Смандияр
Айнұр Смандияр 

Айнұр Смандияр, жас ақын, әнші: «Үлкен қобалжуды сезіндім. Себебі мен бүгінге дейін халық алдында есеп бермегенмін, көпшілік мұны қалай қабылдайды деген сияқты сауалдар бар. Және сахнаның киесі бар дегендей. Менің арманым — қазақтың әнін бойыма дарытып,  әлемге паш ету.»

Кеш қонақтар Айнұрға шығармашылық табыс тіледі
Кеш қонақтар Айнұрға шығармашылық табыс тіледі

_MG_4164

Арманы телегей Айнұр сахнада қаймыққан жоқ. Қайта тарихи мәні зор әндер мен халық әндерін де шарықтата шырқады. Бұл — оның өнерге деген риясыз құрметін көрсетсе керек.

Айнұр Смандияр биыл 19 жасқа толды. Осыдан 7 жыл бұрын қайғылы жағдайға тап болып, қос жанарынан айрылған. Бірақ қайсар қыз қиындыққа мойыған жоқ. Жаны өнерге ғашық бойжеткен ән айтады. Және жүректегі сезімін өлеңмен өреді.

Патриоттық және лирикалық әндер шырқалды
Патриоттық және лирикалық әндер шырқалды

_MG_4167

_MG_4144

Гүлзейнет Айгелдиева, Айнұрдың анасы: «Қызым Айнұр талай байқауларда топ жарды. Сол кезде де халық қошемет көрсетті. Менің ойымша, Айнұрдың жеңісі — көптің тілеулес болуынан. Перзентім жасынан үлкен-кішінің көңіліне қарап, әдептілікті сақтап өсті. Сондықтан болса керек бүгінде аға-әпкелерімен лезде тіл табысады, көпшіл. Өнеріне қиянат жасамау үшін қолымыздан келгенше еңбектеніп жатырмыз.»

Кеште Айнұрдың өнердегі әріптестері де ән орындады. Қолдау көрсетті. Өнерсүйер қауым да қол соғып, құрметін білдірді. Бірақ шарада Айнұрдың алғашқы есеп беру кешіне шақырылған шенеуніктердің ешбірінің қарасы көрінбеді. Бұдан бөлек көпшілікті сахна мен залдың тіс қарысар суықтығы абыржытты.

Майра Сейдуәлиева, көрермен: «Айнұрдың қадамы — ерлік! Мен әнші ретінде ғана емес, оны ақын ретінде де мойындаймын. Көзіме еріксіз жас келді, өмірмен күресуді Айнұрдан үйрену керек!»

Жас ақын, талантты әнші Айнұр Смандияр алдағы уақытта осы кештен түскен қаржыға бенебаян түсіруді жоспарлап отыр.