Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құрманбек Шойынбай тыңдармандарына есеп берді

692

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның белгілі әншісі Құрманбек Шойынбай 63 жасқа толды. Мерейтой құрметіне орай қуаныш иесі шығарашылық кешін өткізді. Елдің алдында есеп берді.

Ел арасында бекзат өнерді дәріптеп, классикалқ операнының шыңына шыққан өнер иесін құттықтағуа тыңдармандары жиналды. Ал пайғамбар жасты бағындырып отырған әнші көпшілік алдында сезімнің қылын шерткен ретро әндермен қатар халық әндерін де шырқады. Сахна төрінде әйгілі комозитоор Шәмшінің әндері шалқыды.

Құрманбек Шойынбай

Құрманбек Шойынбаев: «Менің өмірім сахнамен байланысты. Сахнасыз өмірімді елестете де алмаймын. Бар арманым – жасым 70-ке келгенше тыңдармандарымды жоғалтпау, сахнада тұщымды шығармаларды орындағым келеді. Ал алдағы жоспарым – халық аспаптары оркестрі мен филармония ұжымымен бірлесе отырып үн таспамды шығарсам деймін. Фильм бе, сондай бір керемет дүниені жасасам деген ой бар».

Бағила Бекмұратова, көрермен: «Өте керемет әсердемін. Менің ойымша, Құрманбек Шойынбаевтың дауысы Қазақстанда жалғыз! Сондықтан оны бағалап, құрмет көрсетуіміз керек. Халық және өзге де диапазоны кең әндерді дәріптеп жүрген әншіге айтар алғысым шексіз. Шығармашылық табыс тілеймін!»