Мас жүргізуші өзгенің өміріне қауіп төндірді (видео)

338

Шымкентте мас жүргізуші жол апатына ұшырап, көлігінен шыққан соң ұйықтап қалды. Мұның алдында ол жолдың шетінде тұрған әйелді қаға жаздаған. Бұл әрекеттің барлығы сол маңдағы кафенің бейнекамерасына жазылып қалған.

001

Күндізгі сағат 16-дан асқан жедел басқару орталығына қала тұрғындары хабарласады. Олардың айтуларынша, Шымкеттегі Қалдаяқов және Алпысбаев көшелерінің қиылысында «Лада Гранта» маркалы көлігі жол апатына ұшыраған. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының экипажы шұғыл аттанады.

Тәртіп сақшылары келген соң жолдың шетіндегі арыққа құлап кеткен Лада көлігін көреді. Ішінде ешкім жоқ. Біраз іздестіруден соң жүргізушінің ондаған метр жерде жатқанын көреді.

Бейнекамерадағы жазба
Бейнекамерадағы жазба

Сол жердегі кафенің әкімшісі тәртіп сақшыларына бейнекамераның жазбасын ұсынады. Онда Лада көлігінің жүргізушісі жолдың шетіндегі адамды қаға жаздап, арыққа құлап кеткені анық көрінеді. Көлігінен шыққан азамат тәлтіректеп барып, кафенің жанына жатып қалған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=z0Qj1Cpsqb0[/youtube]

Полиция қызметкерлері өздерінің әріптестерімен рация арқылы байланысып, мәліметтер қорына жүгінеді. Анықтау барысында бұл азаматтың осы көліктің иесі, 41 жаста екені белгілі болды. Алайда қалтасында кілті де, ешқандай құжат та жоқ болып шықты.

Жүргізуші
Жүргізуші

Полиция қызметкерлері оқиға орнына эвакуатор шақырып, көлікті ақылы айып тұрағына, ал жүргізушіні полиция бөліміне алып кетті.

003

Жалпы, облыстық ішкі істер департаменті берген мәлімет бойынша 2015 жылдың басынан бергі 1 айға жетпейтін уақыттың ішінде 63 мас жүргізуші ұсталған. Солардың 54-нің ісі сотқа жіберіліп, жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Ал көлікті мас халде басқарған 4 азамат қамауға алынған.