Оңтүстікте жұмыссыздар азайды

217

Облыс әкімдігінде есеп беру жалғасуда. 23-қаңтар күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

004

Басқарма басшысы жариялаған мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан 5,3 пайызға төмендеп, жұмыс іздеп келгендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 82 пайызды құраған. Табыстары ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халық үлесі межеленген 9,5 пайыздан 6,9 пайызға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы жұмысқа қабілетті халықтың үлесі 30 пайыздан 27,1 пайызға төмендеген.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасына былтыр 56 мың адам қамтылған. Осы бағдарлама аясында республикада түзілген әлеуметтік келісім-шарттардың 30 пайызы, тұрақты жұмысқа орналасқандардың 21 пайызы, жастар практикасын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасқандардың 16 пайызы және әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасқандардың 21 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі