Екі сәбиді сабаған күтуші қамауға алынды

252

Шымкентте екі баланы көкала қойдай етіп сабап тастаған күтуші уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген балалардың бірі – 5 жасар қыз ауыр бас-ми жарақатын алған. Ал 2 жасар ұл баланың миы шайқалған.

454545454Оңбай таяқ жеген қызды 6 қазанда облыстық балалар ауруханасына күтушінің өзі жеткізеді. Өлім аузында жатқан науқасты қабылдап алған дәрігерлер тез арада құқық қорғаушыларға хабарласады. Прокурорлық тексеру кезінде күтушінің үйінен науқастың інісі табылады. Дәрігерлер соққыға жығылған баланың миы шайқалған деп отыр.

Анасы бүлдіршіндерді күтушінің үйінде қалдырып, ай сайын қызмет ақысын төлеуге келіскен. Соңғы рет кездескенде балалардың денесінің көгергенін байқаған. Алайда, аса мән бермепті. Анасы аманат етіп тастап кеткен балаларды аямай соққыға жыққан күтуші қазір қамауға алынып отыр.

Прокурорлық тексерулерден кейін күдіктіге қатысты сот-психиатриалық сараптама жасалады. Айта кетейік, бұл – Шымкентте тіркелген аяусыз соққыға жығылған балаларға қатысты екінші оқиға. Осыған дейін күңдікке салынған келіншектің 6 жасар ұлы жәбірленген болатын.