«Ордабасы» асыл тұқымды қойына сұраныс зор

1296

Шымкенттік ғалымдардың селекция тәсілі арқылы шығарған жаңа «Ордабасы» асыл тұқымды қойына сұраныс зор. Бүгінде ел аумағына таралған ет бағытындағы қой тұқымына көрші ресейліктер де қызығушылық танытып отыр. Жаңа тұқымды қойлар ыстыққа, суыққа төзімді келеді, шөлге шыдамды дейді шопандар.

koi

Жүні аз, есесіне еті мол. Төрт айлық қозының орташа салмағы 40 келі тартады. Ірі, сақа саулықтардікі – 70-90, ал қошқарларының салмағы шамамен 95-тен 120 келіге дейін жетеді. Еттілігіне байланысты мұндай қой тұқымы қазірдің өзінде аса өтімділігін көрсетуде.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары селекция тәсілі арқылы еттi меринос қойының жаңа тұқымын алды. Облыста қазір бірнеше шаруашылық қойдың осы тұқымын өсірумен айналысуда.

Ордабасы, Қазығұрт, Сары­ағаш, Отырар және Сайрам аудандарындағы бірнеше шаруа қожалығында қазір 30 мыңнан астам осындай қой бар. Енді алда олардың санын көбейту міндеті тұр.

Қаракөл елтірісіне де сұраныс әлі күнге жоғары. Қолда бар бірлі-екілі елтірінің өзін көрші Қытай мен Түркия елдері қоймай сатып алып жатыр. Демек, Шопан ата тұқымының осы түрін шұғыл жандандыру қажет дейді мамандар.

Институт ғалымдары жуырда көк елтірі өндіру жобасын іске қоспақ. Алдағы онжылдық­­та Ордабасы тұқымды қойлар еліміздің бар­­лық өңіріне таралуы мүмкін. Ордабасы тұқы­­мы шо­пандардың еңбегін екі есе ақтайды деп үміт басым.