Кір тасын көтерушілер сайысты

1109

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Оңтүстік-цирк» мекемесінің ұйымдастыруымен ерлер арасында кір тасын көтеруден «Күш атасын танымас» атты спорттық сайыс аяқталды. Аталған сайысқа іріктеу осыдан екі ай бұрын басталып, оған екі жүзден астам үміткер қатысып, бақ сынады.

001

Ақтық сынға өткен алты үміткер шаршы алаңда 32 келі салмақтағы кір тасын көтеріп, күш сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Сарыағаш аудандық шекара қызметінің кіші сержанты Бақытжан Тұрдықұлов ие болды.

Бірінші орынға шекарашы Бахыт Бабашов лайық деп танылса, үшінші орынды Шымкенттік 57 жастағы Жансерік Маханов иеленді.

002

Жарыс шоу-концертпен, цирк ардагерлерінің ауыр зілтемір және көлік тарту ойындарымен жалғасты.

«Оңтүстік-цирктің» баспасөз қызметі