Саясаттанушылар жастармен кездесті

451

Бүгін, 14 сәуір күні «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында Берік Әбдіғалиев, Айдос Сарым, Бөріхан Нұрмұхамедов, Ерлан Саиров сынды елімізге белгілі саясаттанушылар Төле би, Сайрам аудандарындағы жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

006

Жобаның мақсаты – оқуда немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибесімен бөлісуге шақыру. Жоба аясында қалада тұратын білімді азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді сабақтар өткізеді.

Курстың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа, аптаға созылуы мүмкін. Ол мектеп пәндері (математика, шет тілі, т.б.) шеңберінде, сонымен қатар, көшбасшы болу, ой салу, IT сынды айрықша сипаттағы мәселелерге байланысты еркін тақырыпта өтеді. 2014 жылы қолға алынған жоба шеңберінде үш жүзден астам тұлға ауыл мектебінің оқушыларымен кездесті.

007

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі