Úı Jańalyqtar Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру күн тәртібінде тұр

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру күн тәртібінде тұр

фото ШПД

 

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпке баулу мақсатында маңызды шаралар жүргізуде. Осы орайда, №5 Молда Мұса атындағы мектепте полиция қызметкерлері оқушыларға арналған арнайы қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырды.

 

“Заң мен тәртіп” қағидаты негізінде өткен сабақтарда полицейлер оқушыларға құқықтық білімдерін кеңейту, қауіпсіздік ережелерін сақтау және түрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жөнінде кеңестер берді. Сонымен бірге, олар мектеп оқушыларымен тікелей әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді.

 

Мектеп оқушылары полиция қызметкерлерінен қауіпсіздік ережелері туралы толық ақпарат алып, өздерін және айналасындағы адамдарды қорғау әдістерін үйренді. Спикерлер балаларға жол ережесін сақтау, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын қолдану, сондай-ақ, қылмыстың алдын алу бағытында кеңес берді.

 

Қауіпсіздік сабақтары мектеп оқушыларын құқықтық тәртіпке баулуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Осылайша, Шымкент қаласының полициясы жас ұрпақтың қауіпсіздігі үшін жүйелі жұмыс жүргізіп, қоғамда қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптастыруға күш салуда.

 

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар да бұл бастаманы қолдап, балаларды құқықтық біліммен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтіп отыр. Алдағы уақытта да полиция қызметкерлері оқушылармен бірлесе жұмыс жүргізіп, қауіпсіз қоғам құру жолында аянбай еңбек ететін болады.

 

Іс-шараға Сейтхан Сымбат Ержанқызы — Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы, Абдуталипов Мейрхан Серғали-Түркістан Аймақтық қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестіруші, Тоқбаев Жолдыбай Алиханұлы №15 спорт мектебінің Грек-Рим күресінің әлемдік чемпионы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру.

Полицейлер сабақ барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Сондай-ақ заңды білудің және оны сақтаудың азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын түсіндірді.