Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне байланысты бүгін және ертең колледж және мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасы мәлім етті. Басқарма дерегінше, бұл шешім қала аумағында қозғалысқа енгізілген уақытша шектеулерге байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Сонымен бірге «Жаңа қала» және «Отырар» ықшам ауданында орналасқан балабақшалардағы балалар да үйіне жіберілген.
«Қашықтан оқыту процесін сапалы ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, білім алушылардың толық қамтылуы қамтамасыз етіледі. Барлық білім беру ұйымдарына оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес онлайн форматта ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Оқушылардың қашықтан оқуы туралы ата-аналарға алдын ала хабар берілген. Оқу процесі педагогтер мен ата-аналардың өзара байланысы арқылы тұрақты бақыланады. Ал білім басқармасы оқушылардың қауіпсіздігі мен білім беру қадағалайды.
Дилара Иса






