Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ескертеді. Өңірімізде күннің кенеттен қатты жылынуына байланысты бүгін-ертең облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.
Сондықтан, мүмкіндік болса алысқа сапарға шықпаған жөн. Ал таулы аймақтарда тұратындар қауіпсіздік шараларын сақтағаны дұрыс дейді төтенше жағдай қызметкерлері.