Шымкентте аумағы 3 гектар жылыжай ашылды

401

Шымкент қаласы маңынан аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай кешені ашылды. Оның ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов та қатысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tS9w4VIR6HQ[/youtube]

Бұл кешенде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Кешенге қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге мемлекеттік тарапынан қолдау көрсетіліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 27,9 млн теңгеге газ құбыры мен электр желісі тартылған. Автокөлік жолы да салыныпты.

008

Жобаны іске асыру үшін облыс экономикасына 1 млрд 19 млн теңге инвестиция құйылды. Атап айтқанда 754,6 млн теңге «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан бөлінсе, 264,4 млн теңге – «ҚазАгроном» ЖШС-нің жеке қаржысы.

Заманауи жабдықтармен қамтылған жылыжайдың қуаты жылына 1400 тонна қияр мен қызанақ өсіруге жетеді. Құрылысы өткен жылғы мамырда басталған кешенде бүгінде алғашқы өнімдер жиналып, нарыққа шығарылып үлгеріліпті. «ҚазАгроном» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Қошқаровтың айтуынша, жобаны іске асыруға кеткен шығын 4-5 жылда өтеледі деп күтілуде.

009

Жалпы, Оңтүстік Қазақстандағы жылыжайлардың көлемi 910 гектарды құрап, елiмiздегi көрсеткiштiң 87 пайызын құрайды. Былтыр өңірдегі жылыжай шаруашылықтарынан 150 мың тонна өнiм жиналды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі