Суретші балалар Астанаға аттанады

461

Балалар мектеп қабырғасынан салық мәдениетін үйренуі керек. Осы мақсатты көздеген облыстық мемлекеттік кірістер департаменті арнайы сурет байқауын ұйымдастырған болатын.

002

Аудан-қалалардан қатысқан 200-дей ұл-қыздың еңбектерін қазылар алқасы бағалап, бүгін үздіктердің есімін жариялады. 9 жасқа дейінгі балалар арасында Ордабасылық Жібек Нұрғалиқызы, 12 жасқа дейінгі жеткіншектер ішінен Әйнел Алтынбек, ал 16 жасқа дейінгі талантты балалар арасында Жансая Әбдіәлімова бірінші орынды еншіледі.

Енді дарынды балғындардың еңбектері Астанада өтетін республикалық байқауға жеткізілетін болды.