Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі енді «Әсел» базарында өтеді

540

Шымкентте әр сенбі күні ұйымдастырылып келген азық-түлік жәрмеңкесі енді «Әсел» базарында өтеді. Бұл – қала басшылығының шешімі.

Жергілікті дихандар мен тауар өндірушілер енді жеңілтетілген бағамен сатылатын азық-түлігін осы базарда саудалайтын болады. Алайда күні кеше демалыс күні ұйымдастырылған жәрмеңкеге сатушылардың да, алушылардың да көңілі толмады.

005

Облыс орталығында өтетін жәрмеңке «Әсел» базарына ауыстырылған соң сатушылар осында жайғасты. Алайда жаңа орында саудагерлердің өнімдері өтпей, біраз қиындықтар туындады. Сатушылардың сөзінше, билік тарапынан қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары талапқа сай жүргізілмегендіктен, алушылар келмей қалған.

Әл Фараби алаңындағы сенбілік жәрменкенің «Әсел» базарына көшірілгенінен, тіпті, сатушылардың өздері бейхабар болып шықты. Апта сайын жәрмеңкеге шығатын 250 саудагердің бұл жолы 20-сы ғана тауарын сатуға алып келіпті.

Айта кетейік, бес жыл бұрын тауар өндірушілерді қолдау үшін қолға алынған бастаманың
уақытша тоқтатылуына дәрігерлердің ұсынысы себеп болыпты. Мамандар күн ыстықта тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін орталық алаңда сатуға шектеу қою керек деген. Десе де мұндай шешімге жергілікті дихандар да, тауар өндірушілер де келіскісі жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4R9It58cXVE[/youtube]

Қалай болғанда да жергілікті билік жәрмеңке «Әзел» базарында өтеді деп отыр. Айтуларынша, базар басшыларымен ортақ келісім жасалып, сатушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Яғни олар тек салық пен тазалық үшін 370 теңге төлейді.

Асқар Қаныбеков, Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: «Ауа райына байланысты 13 маусымнан 30 қыркүйекке дейін жәрмеңке «Әсел» базарында өтеді. Осыған байланысты біз телеарналар және бұқаралық ақпарат қызметкерлері арқылы жарнама береміз. «Әсел» базарында өнімлер 10-15 пайызға дейін арзан сатылады деп хабарлаймыз.»

Лаура Нақыпқызы