Күйеуін өлтірген әйел сотталды

333

Ішімдік пен қызғаныштың соңы адам өлтіруге соқтырды. Шымкентте азаматтық некедегі кұйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты.

002

Қанды оқиға 2015 жылдың ақпан айында болған. Азаматтық некедегі жұбайлар бірге отырып арақ ішеді. Ішке ішімдік барған соң екеуі өзара ерегіскен. Сөзге келісе алмаған соң әйел еріне пышақ сұғып өлтіреді. Сот шешімі азаматшаға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қызғаныштың қызыл етіне жем болғанын 38 жастағы азаматша енді түсініп отыр. Бірақ бәрі кеш. Енді ол темір торда жазасын өтейтін болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sFOLpq3z_uI[/youtube]

Заң алдында жауап берген азаматша ешқайда жұмыс істемейді және бұрын сотты болмаған. Істі қарау кезінде барлық мән-жай ескерілді. Үкімнің күшіне енуіне 15 күн бар. Сот шешімімен келіспеген тарап осы мерзім аралығында апелляциялық шағым келтіруге құқылы.

Ернар Балабеков