Шымкентте дүкен сөрелерінен спирттік ішімдік ұрлаған ер адам камераға түсіп қалды

23

Әл-Фараби АПБ-ның 102 арнасына азық-түлік дүкенінен тауар ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сатушының айтуынша, белгісіз біреу сөрелерден алкогольдік ішімдіктерді ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері арызды СДТБТ-не «Ұсақ-түйек жымқыру» бабы бойынша тіркеді.
Тексеру барысында бейнекамераға дүкен ішінен екі бөтелкені алып, қойнына жасырған ер адам түсіп қалғаны анықталды.
Жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ер адамды қала аумағынан бір тәулік ішінде ұстады. Ол бұрын осындай қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.
Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының анықтаушылары тергеу барысында жинақталған материалдарға ұсталған азаматтың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды қосып, істі сотқа жіберді.
Құқық қорғау қызметкерлері сауда нүктелеріндегі ұрлықты болдырмау үшін сатушыларды қырағы болуға, тауардың сақталуына ерекше назар аударуға шақырады.